Апат болған жерді  лайдан тазарту жұмыстары жалғасып жатыр.
Лай көшкіні салдарынан үйінді астында қалған барлық адамның мәйіті табылды
1,349
оқылды

Алматыдағы лай көшкіні салдарынан үйінді астында қалған тағы 3 адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Aikyn.kz.

Іздеу-құтқару жұмыстарының нәтижесінде лай көшкіні салдарынан үйінді астында қалған 4 адамның да денесі табылды.

Құтқарушылар оқиға орнынан 1984 жылы туған ер адам мен 1980 жылы туған әйелдің  және 2007 жылы туған тағы бір жас жігіттің мәйітін тауып, шығарды.

Қазір ТЖМ психологтері марқұмдардың туыстары мен көршілеріне жедел психологиялық көмек көрсетіп жатыр.

Медеу ауданының әкімі Еркебұлан Оразалиннің айтуынша, үйде ерлі-зайыпты мен олардың 2007 жылы туған егіз балалары болған.

Апат болған жерді  лайдан тазарту жұмыстары жалғасып жатыр.