Бүгін сағат 20:00-дегі ахуалға сәйкес, он бір өңірде жол жабылды.
«Қазавтожол»: 11 облыста жол жабылды
Фото: ТЖМ-нен алынды
943
оқылды

Ауа райының қолайсыздығына байланысты 11 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 66 учаскесінде жол қозғалысына шектеу енгізілді.

Ақмола облысында – 18 учаске; 

Ақтөбе облысында – 11 учаске; 

Алматы облысында – 1 учаске; 

Жетісу облысында – 1 учаске;

Батыс Қазақстан облысында – 1 учаске;

Қарағанды облысында – 9 учаске;

Қостанай облысында – 9 учаске;

Қызылорда облысында – 1 учаске; 

Павлодар облысында - 6 учаске;

Солтүстік Қазақстан облысында – 6 учаске;

Ұлытау облысында – 3 учаске.

Қазіргі уақытта республикалық маңызы бар автожолдарды қысқы күтіп-ұстауға 607 бірлік техника және 1122 жұмысшы жұмылдырылды. 

Шектеу енгізілген учаскелер туралы ақпаратты келесі сілтеме арқылы біле аласыздар https://kz.qaj.kz/s/.

Бұған дейін Астанада синоптиктер ескерту жариялаған еді.