Күдікті қамауға алынды.
Жетісу облысында шаруа қожалығының басшысынан ақша бопсалаған күдікті ұсталды
2,688
оқылды

Жетісу облысында полицейлер шаруа қожалығының басшысынан 1 миллион теңге бопсалаған күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Aikyn.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері шаруа қожалығының басшысын бопсалады деген күдікке ілінген Қаратал ауданының тұрғынын ұстады.

– Жедел уәкілдер ер адамды ұстады, ол шаруа қожалығының басшысын қорқытып, миллион теңге бопсалаған. Қорқытып алу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу жалғасуда. Күдікті қамауға алынды, – деп атап өтті Жетісу облысы ПД ҰҚҚКБ бастығының міндетін атқарушы Аслан Абылов.