Николай Омаров 8 ақпанға қараған түні отбасымен бірге қаза болған Ілияс есімді ер адамның әкесі.
Алматы тауларындағы төтенше жағдай: әкесі қаза болған отбасы туралы айтты
Фото. Алматы әкімдігі
3,359
оқылды

Алматыда сел кезінде қаза тапқан ер адамның әкесі ұлы қауіпті жерде тұрғанын айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Николай Омаров 8 ақпанға қараған түні отбасымен бірге қаза болған Ілияс есімді ер адамның әкесі. Ол ұлының Ольгаға он шақты жыл бұрын үйленгенін айтты. Ол әйелінің үш ұлы – Дмитрий, Денис және Сергейге өгей әке болған және өз әкелеріндей өсірген.

"Екеуі ажырамайтын еді, үнемі бірге демалыста жүретін. Ол балаларды бақты, керемет қарым-қатынаста болды, олар туғанындай болды", – дейді Николай Омаров.

Ер адам баласы өзі тұрып жатқан үйдің маңайындағы беткейді игеру мәселесі бойынша бұған дейін де жүгінгенін, бірақ ешқандай белсенді әрекет жасалмағанын айтады.

"Олар өте жақсы адамдар еді, тым жақсы, қазір ондайлар сирек. Әрине, отбасының шығыны болады, көмек артық болмайды. Жерлеуге, соңғы сапарға шығарып салуға. Әкімдік бізге хабарласты, олар зиратқа барды, жерлерді көрсетті. Отбасылық кеңес өткіземіз, марқұммен қалай қоштасатынымызды шешеміз", – деп бөлісті ер адам көзіне жас алып.

Еске салайық, Алматыда 8 ақпанға қараған түні лай көшкіні жүріп, тұрғын үйдің үстіне құлаған болатын. Апат салдарынан бір отбасының төрт мүшесі қаза тапты.