Адам ағзасында көңіл күйді басқаратын дирижер бар. Ол тіпті адамның оқуға деген қабілетіне де жауапты. Ағзамыздағы бұл биология­лық белсенді зат нейроме­диа­торлар деп аталады. Олар­дың қандай түрлері бар және олар­дың жетіспеушілігі қандай ауруға әкелуі мүмкін?
Нейромедиаторлар – мінез-құлық негізі
917
оқылды

Ми кез келген жағдайға тез бейімделеді. Мысалы, өткен ға­сырдың 1960 жылдарында аме­ри­калық психолог Мартин Се­лигман «үйренген дәрменсіздік» атты құбылысты ашқан. Зерттеу барысында ол иттерге тәжірибе жасайды. Жануарлар екі бақылау тобына бөлініп, әртүрлі бөлмеге орналастырылады. Әр иттің еденіне әлсіз электр тогы түсетін жеке қорабы болады. Бірінші бөлмедегі иттер бокстан дұрыс нүкте тапса, босатылуы мүмкін. Оны басу арқылы олар бокстан кетуге мүмкіндік алды. Екінші бөл­меде, керісінше, иттердің жә­шіктері бірінші бөлмедегі иттер­дің әрекетіне байланысты ашыл­ды. Үшінші топта иттерді тоқ соқпаған. Тәжірибенің бірінші кезеңі бірінші бөлмедегі иттер тез қалпына келсе, екінші топтағы жануарлар апатияға ұшыраған.

Эксперименттің келесі ке­зеңін­де барлық ит еденде ток өтетін бір бөлмеге орналасты­рылды. Жануарларға сол жерден шығуға мүмкіндік берілді. Ол үшін септумнан секіру керек. Бірінші және үшінші топтағы иттер тәжірибе талаптарын тез ұғып, әрекет етті. Ал екінші ит­тер­дің көпшілігі алдымен жылап, содан кейін еденге жатып қалған. Зерттеудің бұл кезеңінде олар жанына батқан ауырсынуға назар аудармағанын көруге болады.

Мартин Селигман экспери­ментінен дәрменсіз халде адам өзіне ұнамайтын жағдайға да еті үйренетінін көреміз. Яғни, өзін-өзі басқару сезімі болмаса, серото­нин­дік нейрондар психикаға жағым­сыз жайттарды да қалыпты етіп көрсететіні белгілі болды. Соң­ғы кезде сәнге айналған «ком­форт зона» тіркесінің түпкі мәні осында.

Адам бойында осындай жа­ғымды және жағымсыз сезімдері­нің туындауында негізгі рөл ой­найтын ол – нейромедиаторлар. Олардың негізгі қызметі — жүйке жасушаларына белгі беру. Яғни, жүйке жүйесі ішінде өзара бай­ланысатын заттар. Бір нейрон осы арқылы басқа нейронға қажетті сигналдарды жібереді. Нейроме­диаторлар ХХ ғасырдың басында ғана зерттеле бастады. Сол кезде ғалымдар нейрондардың бір-бірімен қалай байланыса­ты­нын анықтауға тырысты. Мы­салы, 1906 жылы Сантьяго Рамон-и-Кахал мен Камилло Гольджи жүйке жүйесі туралы зерттеуі үшін бір уақытта Нобель сыйлығын алған. Дегенмен ғалымдардың пікірлері қарама-қайшы болатын. Рамон-и-Кахал нейрондардың химиялық заттардың көмегімен бір-біріне сигнал беретініне сенім­ді болды. Ал Гольджи ней­рон­дар электр қуатымен байланы­сады деген көзқарасты ұсынды.

Биология ғылымдарының кандидаты Елена Белованың сөзінше, ХХ ғасырдың ортасында ғана нейромедиаторлар көрінетін синапстың электронды фотосуре­тін түсіруге мүмкіндік ашылған. Сол сәтте ғана нейрондардың көп бөлігі бір-бірімен нейромедиа­торлар арқылы байланысатыны анық­талған. Ал электрлік синапс­тардың сирек кездесетіні белгілі болған.

Синапс – екі нейрон арасын­дағы немесе нейрон мен сигнал қабылдайтын эффекторлық жасу­ша арасындағы байланыс орны.

Ғалымның айтуынша, нейро­медиаторлар мен гормон айырма­шылығы: гормон ішкі секреция бездерінде бөлінеді, ал нейроме­диа­торларды нейрондар бөліп шығарады.

Кейбір нейромедиаторлардың ауытқушылығы депрессиядан эпилепсияға дейін әртүрлі ауру­дың пайда болуына себепкер болады. Бұған қатысты ғалымдар түрлі пікір айтады. Дегенмен әзірге Паркинсон ауруы –  бұл «дофамин» нейромедиаторының жетіспеушілігінен пайда болатын жалғыз ауру. Сонымен қатар аштық, шаршау, ұйқышылдық, сүйіспеншілік сезімі – мұның бәрі гипоталамуспен байла­нысты. Мысалы, мотивацияға, оқуға және сүйіспеншілік сезім­дерін оятуға да осы дофамин жауапты.

Сол секілді депрессия да мо­ти­вациялық механизмнің бұ­зылуы­нан туындайтын кесел. Елена Белованың айтуынша, адам өз ісінен ләззат алуды тоқтатқанда мидағы «мен жақсымын» деген сенім беретін эндорфин компо­ненті өшеді. Эндорфин жетіспе­ген­де мотивация әлсіреп, адам өз өмірін сақтап қалу үшін күші мен энергиясы жетіспейтін жағдайға келеді.

Дегенмен қазір көптеген жұмыс беруші аутизм, дислексия және басқа неврологиялық жағ­дайлары бар адамдарды жұмысқа қабылдауға сескенеді. Шын мәнінде, мұндай ерекшелігі бар азаматтардың да өзге кандидаттар секілді күшті және әлсіз жақтары бар, керемет қабілеттері мен дамыған кәсіби дағдылары болуы мүмкін.

Бүгінде батыс елдерінде «ней­роерекшелік» тұжырымдамасы танымал болып келеді. Бұл – жұ­мыс берушілерге «нейродивер­генттер» арасындағы таланттарды тануға, оларға ыңғайлы орта құ­руға және нейродивергенттердің өздері табысты мансап жолдарын құруға көмектесуге арналған бағыт. 

Neirodiversity – бұл нейроерек­шелік немесе мидың әртүрлі па­ра­дигмада жұмыс істеуі деп аталады. Клиникалық психолог Гүлбаршын Қасымның сөзінше, бұл медициналық термин емес. Мұндай адамдар бұл әлемге өз­геше көзбен қарайды. Яғни, олар анамнезінде дислексия, дис­графия, даун синдромы, биполяр­лық бұзылыстар, назар тапшылы­ғы мен гиперактивтілік синдромы және аутистикалық спектрдің бұзылуы және т.б. интеллектінде бұзылыстары бар адамдар.

Дүниежүзілік Нейроерекшелік және жұмыспен қамту орталы­ғының мәліметтері бойынша, нейродивергенттер арасындағы жұмыссыздардың саны мүмкіндігі шектеулі адамдар арасындағы жұмыссыздардан үш есе, ал ден­саулық ерекшеліктері жоқ жұмыс­сыздардан сегіз есе көп. Дегенмен ғалымдар нейродивергентті адам­дарда оларды басқалардан ерек­шелейтін қабілетіне күш салып, ерекше жағдай жасауға кеңес береді.

Кәмила ЕРКІН