Қазақстан жыл сайынғы ІІ Астана ха­лық­аралық форумын іске қосады. Бұл ту­ралы СІМ баспасөз қызметі мәлім етті.
AIF: әлемдік аренадағы маңызды платформа
664
оқылды

Аймақтың жетекші халықаралық конферен­циясы, Астана халықаралық форумы (AIF) Қазақ­стан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен 2024 жылғы 13 және 14 маусымда Астанада өтеді. 2023 жылғы І форумның жетістігіне сүйене отырып, биылғы іс-шара халықаралық қо­ғам­дастыққа жаһандық қауіпсіздік, тұрақтылық пен өркендеудің өсіп келе жатқан сын-қатерлері алдында бірігуге мүмкіндік береді.

2024 жылғы Астана халықаралық форумы қазіргі заманның өзекті мәселелері бойынша пікір алмасу және ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын айқындау үшін әлемнің түкпір-түкпірінен жоғары дәрежелі үкімет делегаттары мен бизнес-көш­бас­шыларды жинайды.

Мемлекет басшылары, жетекші әлемдік сая­сат­керлер, бизнес көшбасшылары және қоғам қайраткерлерін қоса алғанда, 50-ден аса елден 5 000-нан астам делегатты жинаған 2023 жылғы форумның жетістігін ескере отырып, AIF2024 төрт негізгі бағытқа бөлінеді: сыртқы саясат және халықаралық қауіпсіздік, халықаралық даму және тұрақтылық, энергетика және климаттың өзгеруі, экономика және қаржы.

Бұл бағыттар екі күндік белсенді панельдік сессиялар, пікірталастардың және байланыс орнатуға арналған арнайы мүмкіндіктердің негізгі тақырыптары болады. Олардың түпкі мақсаты – көпжақтылықты жандандыру және екіжақты серіктестіктер үшін жаңа мүмкіндіктер үшін нақты нәтижелерге қол жеткізу.

2024 жылғы Астана Халықаралық форумы Қазақстан үшін әлемдік аренадағы маңызды плат­форма болып табылады. Себебі биыл Қазақстан Шанхай ынтымақтастық ұйымы, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес, Түркі мемлекеттері ұйымы, Азық-түлік қауіпсіздігі жө­ніндегі Ислам ұйымы және Аралды құтқару ха­лықаралық қорын қоса алғанда, бірнеше жетек­ші халықаралық ұйымдарға төрағалық етуге ниетті.