Биыл ақпанның 23-25-і Астанада Central Asia FIRST Championship ресми чем­пио­наты өтеді. Оған әлем­нің 10 елінен 3 000-нан ас­там оқушы қатысады. Бұл туралы Оқу-ағарту ми­нис­трлігінің баспасөз қыз­меті хабарлады.
Астанада робототехника чемпионаты өтеді
641
оқылды

Қатысушылар арасында көп­теген мемлекеттерден коман­далар, оның ішінде Гонконг, БАӘ, Түркиядан келетін оқушы­лар бар. Қазақстанды іріктеу чемпионаттары барысында кво­та алған 200 команда таныс­тырады.

«Мұндай көлемдегі робото­техника бойынша чемпионат Қазақстанда алғаш рет өтеді. Былтыр чемпионатқа 1 200-ге жуық оқушы қатысты, биыл қатысушылар саны 2,5 есе көп. Біз балаларымыз бәсекелестікті сезінуі үшін халықаралық мықты командаларды шақырдық», – деді USTEM Foundation қоры­ның негізін қалаушы Нұрдәулет Досмағамбет.

Мектеп оқушылары үш негізгі жас санаты бойынша бақ сынайды: FLL Explore (6-10 жас), FLL Challenge (10-16 жас) және FIRST Tech Challenge (12-18 жас). Чемпионатта Роботтар ойынынан басқа инновациялық жобалар байқауы мен төрешілер сессиялары қамтылады.

Central Asia FIRST Championship жеңімпаздарының халық­аралық жарыстарға қатысуға лицензиялар, бағалы сыйлықтар және қазақстандық әрі шетелдік жоғары оқу орындарына грант­тар алуға мүмкіндіктері болады.