Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Мемлекет басшысы Анар Жайылғанованың отбасына көңіл айтты
1,151
оқылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекет және қоғам қайраткері Анар Нұралықызы Жайылғанованың дүниеден өтуіне байланысты отбасы мен жақын туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады, – деп хабарлайды Aikyn.kz

– Анар Нұралықызы еселі еңбек етіп, еліміздің өркендеуіне бар күш-жігерін жұмсады. Көптеген игі іске атсалысып, өзін білікті маман ретінде көрсете білді. Нағыз мемлекеттік қызметшіге тән қалпымен абыройлы қызмет атқарған Анар Нұралықызының есімі мен бейнесі ұмытылмайды. Марқұмның иманы саламат, жаны жәннатта болсын, – деп жазылған жеделхатта.

Бұған дейін Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің экс-төрағасы Анар Жайылғанованың қайтыс болғанын хабарлаған едік.