Бұған дейін 8 жылға сотталған экс-министрге тағы 3 жыл қосылды. Сот үкімімен Мұхамедиұлы 11 жылға сотталды.
Арыстанбек Мұхамедиұлы мен оның әйеліне сот үкімі шықты
Фото: Halyq Uni
4,278
оқылды

Бұрынғы Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мен оның әйеліне сот үкімі шықты,  – деп хабарлайды Halyq Uni.

Бұған дейін 8 жылға сотталған экс-министрге тағы 3 жыл қосылды. Сот үкімімен Мұхамедиұлы 11 жылға сотталды.

Сотталушылардың арасында экс-министрдің әйелі Ғалия Ысқақова да бар. Ол 6 айға бас бостандығынан айырылды.

Арыстанбек Мұхамедиұлының адвокаты болған Мұстақым Төлеев 6 жыл 8 айға сотталды. Ол адвокаттық қызметпен 10 жыл айналыса алмайды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.