Жанармай құбыры: қауесетті кім таратты?
Жанармай құбыры: қауесетті кім таратты?
252
оқылды
«Жасырын жолмен Жам­­­был­дан Қырғыз еліне жа­нармай асырылған». Жар­­­намасы жер жарған бұл жа­ңалық кешеден бері әлеу­меттік желілерде жап­пай таралып, телеар­на­дан да беріліп кетті. Алайда бұл жасырын жерасты құ­бы­­­­­ры Жамбыл облысы­ның қай аумағынан табылып отыр? Және аталған іске қа­­тысты қандай тергеу амал­­­дары жүруде? Бұған қа­­тыс­ты бірде-бір құзырлы ор­ган өкілі ресми мәлім­де­ме жасамады. Сондықтан мә­селенің анық-қанығына өзі­міз көз жеткізуге тыры­сып көрген едік. Жалпы, бұқаралық ақпарат құралдарында таратылған ақ­па­­­ратқа сүйенсек, жерасты­мен құбыр жүргізіп, жанар-жағар­май­ды жасырын түрде өткізген пысықайлардың тірлігін ҰҚК ше­­кара қызметі әшкере еткен. Жұмыртқадан жүн қырық­қан­дар­ды құрықтауда қырғыз шека­ра­шылары да септескен. «Мемлекеттік шекараның күзе­тін қамтамасыз ету міндет­те­рін атқару барысында қа­зақ­­стандық шекарашылар қыр­ғыз­­­дық әріптестермен бір­­лесіп, қазақ-қырғыз шека­ра­­сы ба­ғы­тын­дағы Жамбыл об­лы­сының шекара маңындағы аумағынан жерастына қазып төселген екі пластикалық шлангіні анықтады. Шлангінің бірінен бензин иісі бар сұйықтық табылды. Ал­дын ала болжам бойынша, анық­тал­ған жайт шекара арқылы заң­­сыз жа­нармай тасымалдауға ар­налған» делінген ақпараттық ха­бар­ламада. Кейбір сайттар мұны ҰҚК ше­ка­ра қызметі таратты деп көр­сет­ті. Әрі аталған іске байланысты тер­геу амалдары басталғанынан құ­лағдар етті. Алайда ешбір ақ­па­рат көзі жасырын жерасты ма­­гистралы Жамбыл өңірінің қай ау­мағынан табылғанын ашып айтпағандықтан, ең бірінші ҰҚК шекара қызметінің өңірлік әс­ке­ри бөліміне хабарласып көрдік. Бірақ мұндағылар аталған мәселе бо­йынша ешқандай ақпарат бере алмайтынын айтты. Ше­ка­ра қызметінен осындай жа­уап естігеннен кейін ҰҚК-нің об­­лыс­тық департаментінің бас­па­сөз қызметіне хабарластық. Алайда онда­ғылар бұл мәселеден мүлде хабарсыз екенін жеткізді. Соны­мен қатар шекара қызметіне ха­барласуымызға кеңес беріп, құ­зыр­лы мекемелер бір-біріне сіл­теді. Амал жоқ, «табылса, бәл­­кім сол маңнан табылған бо­лар» деген болжаммен Қырғыз мем­­лекетімен шекаралас негізгі аймақ саналатын Қордай ауда­ны­на байланысқа шықтық. Мұн­да­ғылар елді мекеннен жа­сы­рын жерасты магистралы табыл­ға­нын растады. Бірақ...
– Негізі Жамбыл облысынан Қырғыз еліне жерастымен тар­тыл­ған шлангі 2000 жылдары анық­талған болатын. Сол кезде кү­діктілер ұсталып, сот процесі де өткен. Қазір бұл мәселені кім қоз­ғап отырғанын білмеймін. Бірақ жа­қын арада жанар-жағармайды жа­сырын жерасты жолымен та­­сы­малдағандар құрықталды де­ген­ді естімедік, – дейді аудан әкі­мінің орынбасары Ерлан Орын­баев.
Мұны Қордай ауданындағы қақ­тығыстан кейін құрылған қо­ғам­дық келісім кеңесінің төра­ға­сы Әбдібек Сейілханов та рас­тап отыр.
– Осыдан 10 жылдай бұрын жа­нар-жағармайды жасырын жер­ас­тымен Қырғыз мемлекетіне тасы­малдау бойынша қылмыс­тың беті ашылған. Сол кезде жа­уап­тылар ұсталып, жауап­кер­ші­лікке тартылған. Кешеден бері «Жасырын жерасты магистралы анықталыпты» деген ақпаратты естіп жатырмын. Алайда бұрын болып кеткен жағдайды қазір дүр­ліктіру кімге керек болғаны тү­сініксіз, – дейді кеңес төрағасы.
Ауданның тынысынан хабар­дар азаматтардан осындай ақ­парат естідік. Демек, шынында Қор­­дай ауданында біраз жыл бұ­­рын жасырын жерасты жо­лы анықталған екен. Әрі жа­нар­­майды шекарадан заңсыз өт­кіз­гендер сол тұста қолға тү­сіп­ті. Енді мұны қазір қайта көте­ріп, шекара қызметі жуырда анық­та­ған­дай етіп көрсету кім­ге керек бол­ды екен? Әлде, өт­кен аптада Мем­лекет бас­шы­сы Қасым-Жо­март Тоқаев қордайлықтармен жүз­дескенде елді мекенде кон­тра­бандалық жолмен тауар та­сы­­малдағандар анықталғанын айтып, шекара қызметін күшей­ту­ді тапсырғаннан кейін, бір мүддені көздегендер бүйректен сирақ шығарып отыр ма? Бұған құзырлы органдар жақын арада жа­уап береді деп сенеміз. Ең бас­тысы, жалған ақпарат жарға жығатынын Президенттің өзі ес­керт­кенін естен шығармасақ игі.    width=Саятхан САТЫЛҒАН

Жамбыл облысы