13 ақпаннан 14 ақпанға қараған түні көшелерден 44 мың текше метр қар шығарылды.
Астанада қар тазалауға 2,4 мыңнан астам жұмысшы жұмылдырылды
746
оқылды

Астанада қар тазалауға таңертең 2,4 мыңнан астам жол жұмысшысы жұмылдырылды. Жұмыс тәулік бойы жалғасып жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

14 ақпан күні таңертең қала бойынша қар тазалау жұмыстарына 2,4 мыңнан астам жол жұмысшысы және 1,6 мыңға жуық арнайы техника жұмылдырылды.

13 ақпаннан 14 ақпанға қараған түні көшелерден 44 мың текше метр, яғни, 3 мыңға жуық ауыр жүк көлігіне тең қар шығарылды.

Айта кетсек, қыс басынан бері қала сыртындағы қар полигондарына 331 мың рейс, 4,5 млн текше метрден астам қар шығарылды.

Қала тұрғындарының қауіпсіздігі үшін жолдарға, тротуарлар мен көшелерге құм-тұз қоспасы себіледі. 

«Қазгидромет» синоптиктерінің мәліметінше, 14 ақпанда елордада күн бұлтты, кейде жаңбыр аралас қар жауып, боран соғып, көктайғақ болады. Солтүстік-батысқа ауысатын оңтүстік-батыс жел екпіні 9-14, 15-20, түнде 23 м/с болады. Ауа температурасы түнде -8-10 аяз болса, күндіз 0-2 градусқа төмендейді.

Бір күннен кейін анда-санда қар жауып, боран болады деп күтілуде. Солтүстік-шығыс жел екпіні – 9-14, 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде және күндіз -17-19-ды көрсетіп, одан әрі де төмендеуі ықтимал.

16 ақпан күн бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы болады деп болжануда. Солтүстік-батыс жел екпіні 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде -33-35, күндіз -27-29 аяз.