Ғалымдары адам денесінен жаңа микроб түрін тапты. Ол қаншалықты қауіпті?
Адам денесінен белгісіз микроб табылды (видео)
Стэнфорд ғалымдары жаңа микробқа «Бағана» деген атау беген. Фото Depositphotos сайтынан алынды
3,139
оқылды

Адамның денесі триллиондаған микробтар, бактериялар мен вирустар бар. Жақында newatlas.com сайты америкалық ғалымдар адамнан жаңа биологиялық тіршілік иесін тапқанын хабарлады. Aikyn.kz жаңа микроб адамға қаншалықты қауіпті екенін түсіндіреді.

Иллюстрация apollo.online сайтынан алынды

Адам өзімен бірге өмір бойы алып жүретін микробиоманың үлкендігі сонша, біз оның құрамы және оның денсаулығымызға қалай әсер ететіні туралы әлі толық білмейміз. Ғалымдар жылда жаңа бактерия немесе вирустардың жаңа штаммдарын ашады.

Бірақ бұл жолы америкалық Стэнфорд университетінің ғалымдары бұған дейін ашылған категорияға мүлдем сәйкес келмейтін жаңа объектілер тобын ашқан. Оны таяқша тәрізді құрылымына байланысты «Бағана» (Обелиск) деп атаған.

Олар вирустар мен вироидтар арасында орналасқан дейді зерттеушілер. Вирустар бәрімізге таныс, ал вироидтар қарапайым РНҚ молекулалары. Вироидтар өздерінң  геномын ұсақтау және реформалау арқылы репликациялауы мүмкін, бірақ олар белоктар жасамайды және олардың қорғаныш қабығы жоқ.

Бағаналарда вироидтардың негізгі құрылымы бар, бірақ ғалымдардың пайымдауынша олар вирустар сияқты «обулиндер» деп аталатын бұрын белгісіз белоктар жасайды.

Бағаналардың өте кең таралғандығы және таңқаларлық әртүрлі екендігі белгілі болды. Ғалымдар бүкіл әлемнен 400-ден астам адамнан алынған микробиома үлгілерінен 30 000-ға жуық әртүрлі микробиома түрлерін тапқан. Олар ауыз қуысынан алынған микробиома үлгілерінің 50%-ынан және ішек үлгілерінің 7%-ынан табылған. Оларды анықтау әлі де қиын, өйткені олар бұрыннан білетін микробтарға ұқсамайды.

«Біз Бағаналардың басқа биологиялық агенттер сияқты реттілігі немесе құрылымдық ұқсастығы жоқ ерекше филогенетикалық топты құрайтынын анықтадық», – деп жазады зерттеушілер.

Иллюстрация nytimes.com сайтынан алынды. Авторы: Paul Rogers

Олардың біздің денемізде не істейтіні әлі де құпия. Олар өз иелеріне көмектесуі немесе зиян келтіруі мүмкін, олар біздің денемізді үйіне айналдырып алған бактериялар немесе саңырауқұлақшалар болуы ықтимал. Қазіргі уақытта Бағаналардың қожайыны – тіс өңезінде (зубной налет) болатын Streptococcus sanguinis бактериясы деген жорамал бар. Ғалымдардың айтуынша, өсіруге оңай бактериялардың бұл түрі Бағаналарды одан әрі зерттеу үшін ең жақсы негіз болмақ. Зерттеудің нәтижелерін biorxiv.org сайтынан оқуға болады.