13 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 41 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді.
Еліміздің 13 облысында 41 жол учаскесі жабылды
Фото: Көлік прокуратурасының баспасөз қызметі
896
оқылды

14 ақпан күні сағат 15:00-дегі ахуалға сәйкес ауа райының қолайсыздығына байланысты 13 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 41 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді. Бұл туралы «ҚазаАвтоЖол» компаниясы хабарлады.

Абай облысында – 6 учаске,

Ақмола облысында – 2 учаске,

Ақтөбе облысында – 5 учаске,

Алматы облысында – 1 учаске,

Шығыс Қазақстан облысында – 4 учаске,

Жамбыл облысында – 1 учаске,

Жетісу облысында – 1 учаске,

Қарағанды облысында – 9 учаске,

Қызылорда облысында – 3 учаске,

Павлодар облысында – 5 учаске,

Солтүстік Қазақстан облысында – 1 учаске,

Түркістан облысында – 2 учаске,

Ұлытау облысында – 1 учаске.

Қазіргі сәтте республикалық маңызы бар автожолды қысқы күтіп-ұстауға 785 бірлік техника және 1481 жолшы жұмылдырылған.