Әкім «ежелгі Түркістанды» аралады
Әкім «ежелгі Түркістанды» аралады
220
оқылды
Ұлыстың ұлы күнін той­лау­ға түркістандықтар қызу кірісіп кетті. 12 күн ішін­­­де түрлі мерекелік ша­ра­­лармен жалғасатын Нау­рыз мейрамы ерекше той­лан­ғалы жатыр. Айта­лық, Қожа Ахмет Ясауи ке­се­не­сі­нің жанынан бой кө­тер­ген «Этноауыл» ала­ңы қа­ла тұрғындары мен алыс-жа­қын­нан келе­тін қонақ­тар­ға тосынсый жаса­мақ. Бүгін облыс әкімі Ө.Шөкеев қасиетті кесененің жанынан бой көтерген «Этноауыл» алаңындағы ежелгі Түркістанның нобайын көз­бен көріп, жасалып жатқан жұ­мыс­тармен танысты. Айта кетейік, бірегей жоба Наурыз тойына келген қонақтар мен шетелдік саяхатшылар үшін тарихы терең қазақ мәдениетімен толығырақ танысуға жақсы мүм­кіндік береді. Көне ғасыр ме­ке­­нінде саз балшықтан үйлер тұр­­ғызылып, ағаштан құрас­ты­рыл­ған қоршаулар мен көпір, өткел­дер орнатылған. Әсіресе, сырттан келген ше­­т­ел­діктер мұнда көне ғасыр кей­піндегі үйлерді аралап, сол дәуірдің асханаларынан дәм татып, шеберлер көшесі мен ер­те­гілер мекені, сарбаздар ауылы және шығыс базарының үлгісін өз көзімен тамашалай алады. Нау­рыз мерекесі күндері бабалар дәуіріне саяхат жасататын көш­пе­лі ауылда киіз үйлер тігіліп, ұлттық ойындар ойнатылады. Құ­­рылыс барысы тарихи нысан­ның сақталу талаптары ескеріле отырып жүргізіліп жатыр. Өткен мыңжылдықтан сыр шертетін Қа­зақ ауылы 14 наурызда ашы­ла­ды. Өмірзақ Естайұлы кесенеге барар жолда орналасқан Қашқари гүл бағын көгалдандыру мен абат­тандыру жұмыстарын көрді. Саябақ санының артуы шаһардың эко­логиялық ахуалын және эсте­ти­калық бейнесін жақсартуға мүмкіндік береді. Сонымен қа­­тар өңір басшысы бұрынғы әкім­­дік ғимаратында жүріп жат­қан құрылыс жұмыстарының ба­­ры­сымен танысты. Есімхан ала­­ңында орналасқан ғимарат ен­ді заманауи қонақүйге айна­ла­ды. Өңірде туризм саласын дамыту мақсатында жарты жыл­да қолжетімді, әлемдік стан­дарт­қа сай жаңа қонақүй кешені ашылады. Сонымен қатар облыс әкімі теміржол вокзалы алдындағы аллеяның күрделі жөндеу жұмыс­та­ры­ның барысын тексерді. Мұн­да аяқжол төсеу, жарық көз­­де­рін және орындықтар мен қо­­қыс жәшігін орнату, кіші ар­­хи­­тектуралық пішіндер қою жос­­­парлануда. Сондай-ақ су ұң­­­ғымасы қазылып, декора­тив­­­ті ағаш көшеті отырғы­зы­­ла­ды. Алдағы уақытта те­мір­жол вок­за­лы­ның ішкі жү­йесі де зама­науи талапқа сәй­кес­тен­ді­ріл­мек. Қалаға келген туристер үшін ақ­парат алу бекеті сынды жүйе­лер­ді қою көзделген. Күрделі жөн­деу­ден өткен аллея Наурыз мере­ке­сі қарсаңында пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр. Сондай-ақ Ұлыстың ұлы кү­нін түстіктегілер 12 күн бойы атап өту­д­і көздеп отыр. Түркістан қа­ла­сы әкімдігі ұсынған Ұлыстың ұлы күніне орай 12 күн бойы өте­­тін шаралар бағдарламасына на­­зар аударсақ, тойлау 14 наурыз­дан басталып, 23-24-іне дейін жалғасады.   Тельман БЕЙСЕН, Түркістан облысы