Дәрігердің айтуынша, майонез бен кетчупті араластырып, соус ретінде жеу – ағзаға ауыр емес.
Дәрігер: Кетчуп пен майонезді араластырып жеу – денсаулыққа зиян емес
www.pexels.com
2,029
оқылды

Бұл туралы Naked Sceince-ке терапевт және токсиколог Алексей Водовозов жауап берген. 

Оның айтуынша, кез келген адам дұрыс тамақтануды  қатаң ұстау мүмкін емес. Өзіне тыйым салған сайын, тәбеті сол нәрсеге тартып тұрады. Майонез беп кетчуп қосылған бутерброд жеу – қалыпты дүние. Бастысы рационыңыз толықтай осындай тағамнан тұрмауы керек, –  дейді дәрігер.

– Әрине, "кетчунезді" дайындаудың қатаң рецепті жоқ. Біреулер тұздықтарды 1:1 пропорцияда араластырады, ал басқалар майонезді немесе кетчупті сәл көбірек қосады. Бұл үйлесім жаңа дүние емес, ол бұрыннан бар. Сондықтан оларды араластыруға болмайды деп айтуға келмейді. Ең әуелі бұл сіздің тұздықты қалай дайындауыңызға және оны қалай жеп үйренгеніңізге байланысты. Әрине, егер күнде майлы фриді "кетчунезге" араластырып жесеңіз, тамақтануыңыз пайдалы емес әрі зардабын да тартатыңыз анық. Ал вегандық майонезді қанты жоқ кетчуппен араластырсаңыз, мұндай тұздық зиян келтіре қоймайды. Қарапайым кетчуп пен майонезді араластырып, бұл тұздықты арасында және көп мөлшерде жемесеңіз, денсаулығыңызға қорқынышты ештеңе бола қоймайды, – дейді Алексей Водовозов.

Ең қызығы, бұл тұздықты ресми түрде аргентиналық дәрігер, биохимик және химия бойынша Нобель сыйлығының лауреаты Луис Федерико Лелуару ұсынды. Ғалым құрмет мадақтамасын 1970 жылы лактозаның метаболистік жолдарын зерттегені үшін алған болатын.