Экс-олигархтың туыстары дауласып жүр
Экс-олигархтың туыстары дауласып жүр
264
оқылды
Осыдан 4 жыл бұрын шымкенттік белгілі кәсіпкер Тоқ­­тар Төлешов арнайы операция кезінде ұсталған бо­ла­­тын. «Билікті күшпен басып алмақ болды» және «жер ре­­форма­сына қарсы митингілерді қаржы­лан­дыр­ды» деп айып­­талған «Шымкентсыра» зауытының иесі  Т.Төле­шов­­ке заңсыз немесе қылмыстық жолмен тапқан мүлкін тәр­кіленумен қатар 21 жылға бас бостандығынан айыру жаза­сы кесілген. Енді жуырда осынау оли­гарх­­тың жұбайлары мен қыздары ала алмай қалған жа­ла­­қы­ларын даулап, сотқа арызданды. Шымкент қаласы Еңбекші ау­дандық сотының судьясы Қай­­р­ат Ізбасаровтың айтуынша, өт­кен жылдың желтоқсан айын­да Т.Төлешовтің жақында­ры­­нан 6 талап-арыз келіп түскен. «Дархан Group» ЖШС-нен жа­ла­қыларын өндіру үшін сот­қа жү­гінгендердің барлығы да Т.Төлешовтің жақындары, туыс­тары, қыздары. Олар се­рік­­тестікте басшылық лауа­зым­­­­дарда қызмет атқарған. Ком­мерциялық директор, ат­қа­рушы директор және оның орын­ба­сар­ла­ры сынды қыз­мет­­терде болған. Олардың қол­­­­дарында «Дархан Group» ЖШС-нен берілген анықтама бар. «Анық­тамада ай­лық жалақы мөл­шері толық есеп­телініп, көр­сетілген. Яғни, он­да қыл­мыс­­тық іс қозғалуына орай есеп­­­шот­­тардың бұғатталуы се­­бе­бі­нен қарыз жалақыны тө­лей ал­май отырмыз делінген», – дейді судья. «Дархан Group» ЖШС-нің Төлешовтің жұбайлары мен қыздарының алдындағы жалақы мөл­шерінен қарызы біраз со­ма­­ны құрап отыр. Мәселен, жала­қы мөлшерінің ең азы 13 млн 850  мың теңге болса, ең көбі 28 млн 900 мың теңге көлемін­де. Алайда олар құжат жүзінде жалақы алып отырғаны­мен, еш­қай­сысы да жұмысқа кел­мей­­тін болған. Естеріңізде болса, бұл туралы түрлі мәлімет тараған еді. Мәселен, кәсіпкердің туыс­та­рына арналып ашылған штат­тар бойынша оларға ай сайын 2,5 миллион теңге көле­мін­де айлық жалақы жұмысқа келмесе де үлестіріліп отырған екен. Судьяның айтуынша, істі қа­­рау барысында сот бұл талап­тар нотариалдық кеңсенің ісі­не жатады деген тұжырымға ке­ліп, істі қараусыз қалдырған. «2019 жыл­дың басындағы заң­ның өз­геруіне байланысты бұл та­лап­тар даусыз талап деп та­ны­лып, нотариаттық палатаға берілген. Бұрынғы Азаматтық процессуалдық кодекс бо­йын­­ша егер есептелген, бірақ ау­­дарыл­маған жалақы тура­лы талап-арыз болса, сот өн­ді­­­рісіне бұйрық арқылы іс жүр­гізу тәртібімен 3 күннің ішін­де қа­ра­луы тиіс еді. Қазіргі заң­ға сай, мұндай арыздарға но­та­риат­­тар атқарушылық жаз­ба жүр­гізеді. Сол жазбаның не­гі­зінде сот орындаушы оны өн­­ді­ріп алуға әрекет жасай ала­ды. Яғни, есепшоты бұғауда тұр­ған мекемедегі қаржыны алуға сот орындаушының құқы бар», – дейді ол. Демек, оли­гарх­тың туыс­тары енді кез кел­ген но­та­риаттық кеңсеге барып, ат­қа­­рушылық жазба алса болды, тиісті қарыз айлық жала­қы­ла­рына қол жеткізе алады. Әри­не, екінші тарап, яғни меке­ме қар­­жыны төлемеймін деп ке­ліс­песе, сотқа қайта жүгінеді. Де­ген­мен «Дархан Group» ЖШС-нен айлық жалақысы то­лық есеп­­телген, бірақ есеп­шот­тың бұ­ғауда тұрғаны себебінен тө­лей алмай отырмыз деген анық­­­тамасынан олардың қар­жы­­ны үлестірудің заңдық жо­лын таба алмай отырғанын бай­­қау­ға болады. Оның үсті­не «Дар­хан Group» ЖШС құ­рыл­­­тай­шы­ла­ры­­ның ішіндегі үлесі ең көбі де осы атақты ірі бизнесмен болған Т.Төлешов екені белгілі. Демек, сыра зауытында им­­­­пе­рия құрған бұл әулеттегі қар­­­жы­лық жетіспеушілік енді се­зі­­ле бастаса керек. Себебі сот үкі­­­­мінің шығып, есепшоттың бұ­­ғаттау­ға қойылғанына да 4 жыл­­­ға жа­қын­дап қалды емес пе?!   Назгүл НАЗАРБЕК, Шымкент қаласы