Өнер иесінің жұбайы осыдан 22 жыл бұрын, өткен күнін еске алып, қыз-жігіт боп жүрген сәттерін еске алды.
“Ауырған кезде әйелі тастап кетіпті”: Мейрамбек Бесбаевтың жары жан сырын ақтарды
23,983
оқылды

Танымал эстрада жұлдызы, әнші Мейрамбек Бесбаевтың жары Мархабат оқырмандарымен сырласып, жеке парақшасында келген сұрақтарға кезекпен жауап берді. 

Өнер иесінің жұбайы өткен күндерін еске алып, 22 жыл бұрын қыз-жігіт боп кездесіп жүрген сәттерін еске алды. 

“2002 жыл, желтоқсан айы. Біздің алғаш танысқан күніміз. Қыз бен жігіт болып жүрген кездегі фото аз. Солардың бәрінің басын құрап, фотосалоннан шығару керек еді”, – деді Мархабат.

Сонымен қатар Мархабат ел аузында жүрген өсекке де нүкте қойды. Кезінде Мейрамбек сырқаттанып қалғанда әйелі тастап кетіпті деген алып-қашпа әңгіме тараған еді.

“Мейрамбек ауырған кезде әйелі тастап кетіпті” деген сөз жалған. Үйленген күннен бастап, күні бүгінге дейін тастаған емеспін. 20 жылдан аса уақыт бірге келеміз. Өздеріңіз ойлаңыздаршы, ауырған кезде тастап, жазылған кезде келетін болсам, кім мені қуана қарсы алады”, – деп жан сырын ақтарды. 

 Айта кетейік, әнші Мейрамбек Бесбаев пен жұбайы Мархабат 2004 жылы 8 шілде күні заңды некесін қидырып, отбасын құрған еді. Бүгінде ерлі-зайыптылар Кәусар есімді қыз бен Әбухайыр есімді ұл тәрбиелеп отыр.