Қазіргі уақытта ол Астана қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Трансұлттық ұйымдасқан топ мүшесі Әзербайжаннан Қазақстанға экстрадицияланды
Видеодан скриншот
750
оқылды

Бас прокуратура мен ІІМ қызметкерлері Сыртқы істер министрлігінің көмегімен трансұлттық ұйымдасқан топтың қызметіне қатысқаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында Әзербайжаннан Түркия азаматын экстрадициялады, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Бас прокуратура баспасөз қызметінің мәліметінше, ол 2020 жылдың шілдесі мен тамызы аралығында трансұлттық ұйымдасқан топ құрамында Қазақстаннан 24 келіден астам алтынды контрабандалық жолмен әкетуге қатысқан деген күдікке ілінген.

«Осы қызметтің салдарынан мемлекетке 633 миллион теңгеден астам шығын келтірілген. Қылмыс жасағаннан кейін қатысушылар тергеуден жасырынып, халықаралық іздеу жарияланған. 2023 жылдың шілдесінде күдікті Әзербайжан аумағында ұсталды. Қазіргі уақытта ол Астана қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды.  Аталған қылмысты жасағаны үшін мүлкін тәркілеп, сегіз жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған», - деп хабарлады Бас прокуратураның баспасөз қызметі.

2022 жылдың маусымында Астана қаласының соты осы трансұлттық ұйымдасқан топтың қызметіне қатысы бар 14 адамды түрлі жаза түрлеріне соттап, олардан мемлекет пайдасына 5 миллиард теңгеге жуық ақша өндіріп алған.