Күдікті үйге терезеден кіріп, балаларды пышақпен қорқытып, ұрып-соққан.
Алматы облысында балаларды пышақпен қорқытып, ұрып-соққан ер адам ұсталды
671
оқылды

Тәртіп сақшылары Алматы облысындағы пәтерлердің бірінде балаларды ұрып-соғып, оларға шабуыл жасаған ер адамды ұстады. Ол Түркістан облысының 47 жастағы тұрғыны болып шықты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Балаларға зәбір көрсеткен ер адам аудандық полицияның уақытша ұстау изоляторына қамалды және оған қатысты тергеу әрекеттері басталды.

«Тергеу барысы менің жеке бақылауыма алынды. Өзге ақпарат Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процессуалдық кодексінің 201-бабының ережелеріне сәйкес жария етуге жатпайды», – деді облыстық Полиция департаментінің бастығы Бауыржан Әленов.

Бұған дейін әлеуметтік желіде балалардың соққыға жығылғаны туралы бейнежазба тараған еді. Видеода аяқ-қолы байланып, бет-аузы көгерген кішкентай ұл мен қыз баланың қатты шошынып, сөйлей алмай жатқан және оларға көршілерінің көмек көрсетіп жатқан сәті таспаланған. Балалар үйге бейтаныс ер адамның терезеден кіріп, пышақпен қорқытып, өздерін ұрып-соққанын айтты.