Ақмола облысы Целиноград ауданының орталығы Ақмол ауылында бір отбасы қайғыдан қара жамылды.
«Байқамай басып кетті»: Балабақшаға ата-анасы алып келген кішкентай қыз көз жұмды
1,078
оқылды

Екі жастағы кішкентай қызды балабақшаға әкелгенде көлік дөңгелегінің астына түсіп мерт болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz  тілшісі. 

Ата-анасы әдеттегідей таңертең «Шаңырақ» балабақшасына екі жастағы қызын алып келген. Анасы қызымен балабақшаға шығып кеткенде әкесі көлікті аздап кейін жылжытып қоймақ болады. Бірақ әлі өтіп үлгермеген балақай көлік дөңгелегінің астында қалады. 

Қазіргі уақытта оқиғаның қалай болғанын куәгерлер талқылап жатыр. Өкінішке қарай қыз баланы аман алып қалу мүмкін болмаған. Балақай жедел жәрдем көлігінде көз жұмды. 

Өкініштісі, әкесі аңдаусызда туған қызының өліміне себепкер болды. Полиция оқиғаның мән-жайын тергеп жатыр. 

Абзал АЛПЫСБАЙҰЛЫ, Ақмола облысы