Бірнеше өңірде боран соғып тұр.
Қалың қар жауған 9 өңірде жол жабылды
1,423
оқылды

«ҚазАвтоЖолдың» мәліметінше, бүгін сағат 18.00-дегі жағдайға сәйкес, ауа райының қолайсыздығына байланысты еліміздің 9 өңіріндегі, 12 тасжолында көлік қозғалысына шектеулер енгізілді.

Абай облысында (қалың қар, бұрқасын мен шектеулі көрініс) жалпы ұзындығы 177 шақырым болатын 1 автомобиль жолында: 

1. «Омбы-Майқапшағай» – Қалбатау а.-Боғас а.

Алматы облысында (қар, ауа температурасының төмендеуі) жалпы ұзындығы 15 шақырым 1 автомобиль жолында:

1. «Алматау турбазасына кіреберіс аймақ»;

Шығыс Қазақстан облысында (қар, бұрқасын, шектеулі көрініс, қар көшкіні қаупі) жалпы ұзындығы 435 шақырым 3 автомобиль жолында:

1. «Өскемен-Риддер-РФ шекарасы» – Белоусовка к.-Риддер қ.

2. «Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын-Қатон-Қарағай-Рахман қайнарлары» 

3. «Омбы-Майқапшағай» - Абай обл. шекарасы-Зайсан қ.-Үлкен Қаратал а.-ҚХР шекарасы

Жамбыл облысында (қалың қар, бұрқасын мен шектеулі көрініс) жалпы ұзындығы 79 шақырымды құрайтын 1 автомобиль жолында: 

1. «Алматы-Ташкент-Термез» Алматы обл.шекарасы-Қайнар а., Кенен а. 

Қозғалыс балама жол – ескі Қордай асуы арқылы жүзеге асырылады.

Жетісу облысында  (қалың қар, бұрқасын мен шектеулі көрініс) жалпы ұзындығы 100 шақырымды құрайтын 1 автомобиль жолында:

1. «Үшарал-Достық» Көктума б.-Достық б.

 Қостанай облысында (Ұлытау облысында ауа райының нашарлауына байланысты) жалпы ұзындығы 83 шақырымды құрайтын 1 автомобиль жолында 

1. «Жезқазған-Петропавл» – Ұлытау обл. шекарасы-Арқалық қ.

Маңғыстау облысында (қалың қар, бұрқасын мен шектеулі көрініс) жалпы ұзындығы 132 шақырымды құрайтын 2 автомобиль жолында:

1. «Доссор-Құлсары-Бейнеу-Сайөтес-Шетпе-Жетібай-Ақтау» - Жетібау а.-Ақтау қ. 

2. «Жетібай-Жаңаөзен-Түркіменстан шекарасы» Жетібай а.-Жаңаөзен қ.

Солтүстік Қазақстан облысында (жел, бұрқасын, шектеулі көрініс) жалпы ұзындығы 67 шақырымды құрайтын 1 автомобиль жолында 

1.«Көкшетау-Кішкенекөл-Бидайық-РФ шекарасы (Омбы)» Кішкене көл-РФ шекарасы

Ұлытау облысында (жел, бұрқасын, шектеулі көрініс) жалпы ұзындығы 115 шақырымды құрайтын 1 автомобиль жолында:

1. «Жезқазған-Петропавл» Ұлытау к.-Қостанай обл. шекарасы

Қазіргі уақытта республикалық маңыздағы автожолдарды күтіп ұстауға 438 арнайы техника мен 850 қызметкер жұмылдырылды.