2023 жылы 333,2 мыңға жуық адам өтініш берместен жәрдемақы немесе төлем алды.
Жәрдемақыны өтініш бермей-ақ алуға болады
21,171
оқылды

2023 жылы отбасының цифрлық картасы арқылы 843,9 мыңнан астам адамға мемлекеттік қызметтерді проактивті көрсету үшін SMS-хабарлама жолданды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

«Сонымен қатар 64,6 мыңнан астам жұмыссыз азамат жұмыс іздеу, тегін оқудан өту және жұмыспен қамту саласындағы басқа да мемлекеттік қолдау шаралары туралы ақпарат алды», – делінген Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің хабарламасында.

Бүгінде Отбасының цифрлық картасында Қазақстанның 20 млн азаматы немесе 6 миллионнан астам отбасы туралы ақпарат жинақталған.

Қазіргі уақытта ОЦК арқылы өтінішсіз жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдердің 10 түрін ресімдеуге мүмкіндік бар.