Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» компаниясының баспасөз қызметі мәлімдеді.
Төрт облыста республикалық маңызы бар жолдар жабылды
751
оқылды

Ауа райының қолайсыздығына байланысты еліміздің 4 облысында республикалық маңызы бар 4 автожолда көлік қозғалысына шектеу енгізілді, – деп хабарлайды Aikyn.kz «ҚазАвтоЖол» компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жамбыл облысында 1 учаске

Жалпы ұзындығы – 79 км (қар, боран, жел, көрінудің шектелуі)

1. «Алматы-Ташкент-Термез» – Кенен ауылы-Қайнар ауылы (қозғалыс ескі Қордай асуы арқылы жүзеге асырылады) (барлық көлік үшін).

Жетісу облысында 1 учаске

Жалпы ұзындығы – 100 км (қар, боран, жел, көрінудің шектелуі)

1. «Үшарал-Достық» – Көктұма ст. – Достық ст. (барлық көлік үшін);

Қостанай облысында 1 учаске

Жалпы ұзындығы – 83 км (Ұлытау облысындағы ауа райының қолайсыздығына байланысты)

1. «Жезқазған-Петропавл» – Ұлытау обл. шек – Арқалық қ. (барлық көлік үшін)

Ұлытау облысында 1 учаске

Жалпы ұзындығы – 115 км (боран жел, көрінудің шектелуі)

1. «Жезқазған-Петропавл» – Ұлытау кенті – Қостанай обл. шек (барлық көлік үшін).

Республикалық маңызы бар автожолдарды қысқы күтіп-ұстауға 653 бірлік техника және 1453 адам жұмылдырылған.