Шығыс Қазақстан облысында түнде -45 аяз болады деп болжанып отыр.
-45 градус аяз, тұман: 20 ақпанға арналған ауа райы болжамы
Фото: Астана ТЖД
877
оқылды

Қазгидромет 20 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады.

Еліміздің жеті облысында ескерту жарияланды. Синоптиктердің болжамы бойынша, Батыс Қазақстан облысының батысында түнде тұман болады.

Ұлытау облысының батысы мен оңтүстігінде шығыстан соғатын желдің екпіні 18 м/с жетеді.

Күндіз Қарағанды облысының оңтүстігінде шығыстан жел соғады. Түнде облыстың шығысында -35-38 қатты аяз болады.

Қызылорда облысының орталығында және оңтүстігінде тұман болады. Облыс орталығында және шығысында солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с жетеді. Қызылорда, түнде солтүстік-шығыстан жел соғады.

Абай облысында түнде -40 аяз болады.

Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, таулы аймақтарында көктайғақ, тұман болады, жаңбыр жауады. Шығыстан, солтүстіктен оңтүстік-шығыстан жел соғады. Шымкенттің кей жерлерінде тұман түседі. Түркістанда түнде және таңертең тұман болады.

Шығыс Қазақстан облысында түнде -45 аяз болады деп болжанып отыр. Өскеменде түнде қатты аяз -40 болады.

Талдықорғанда түнде -33 градусқа дейін аяз.