Тараптар Шымкенттен Сеулге және Пусан мен Қазақстан қалалары арасындағы рейстерді ашу мәселесін талқылап, уағдаласты.
Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасында жаңа әуе бағыттары ашылады
Фото: Көлік министрлігі
1,043
оқылды

Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы әуе рейстерінің саны артып, жаңа әуе бағыттары ашылмақ, –  деп хабарлайды Aikyn.kz Көлік министрлігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сеулде (Корея Республикасы) Қазақстан Көлік вице-министрі Талғат Ластаевтың Корея Республикасы Жер, инфрақұрылымы және көлік министрінің орынбасары Юн Санг Лимен екіжақты кездесуі өткенін мәлімдеді. 

Кездесу барысында тараптар Астана мен Сеул арасындағы рейстерді қайта бастау, Алматы – Сеул бағыты бойынша орындалатын рейстерді ұлғайту, сондай-ақ Шымкенттен Сеулге және Пусан мен Қазақстан қалалары арасындағы рейстерді ашу мәселесін талқылап, уағдаласты. 

Сонымен қатар Талғат Ластаев T' Way төмен бюджеттік әуекомпаниясының және Sirius Airlines жүк әуекомпаниясының басшылығымен кездесу өткізді. Кездесу барысында кореялық тасымалдаушылар Қазақстанға ұшуға ниетті екенін білдірді.