Ұсталған азамат өз еліне депортацияланды.
14 жыл бойы халықаралық іздеуде жүрген шетелдік Шымкентте ұсталды
Фото: alataugazeti.kz
1,261
оқылды

Тұран ауданының көші-қон қызметкерлері 38 жастағы ер адамды рейдтік шара жүргізу кезінде анықтады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Шымкент қалалық ПД мәліметінше, ел аумағында заңсыз жүріп-тұрған шетелдік ұзақ жылдар бойы қылмыстық қудалаудан жасырынып келген.

Оған қатысты ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін 2010 жылы ташкенттік құқық қорғаушылар тарапынан қылмыстық іс қозғалған.

ҚР көші-қон саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін ер адамға ӘҚБтК-тің 517-бабына сәйкес шара қабылданды.

Ұсталған азамат өз еліне депортацияланды.