Республикалық маңызы бар автожолдарда 557 бірлік техника және 1277 адам жұмылдырылды.
Дауыл, қар: елімізде 17 республикалық автожол жабылды
Фото: ТЖМ
2,244
оқылды

Ауа райының қолайсыздығына байланысты 6 облыста республикалық маңызы бар 17 автожолда көлік қозғалысына шектеу енгізілді. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» хабарлады.

Абай облысында – 6 учаске, жалпы жалпы ұзындығы 1841 км (температураның төмендеуі -30)

1. "Омбы-Майқапшағай", Павлодар обл. шек. – Бұғаз а.

2. "Қарағанды-Аягөз-Бұғаз", Қарағанды обл. шек – Бұғаз а.

3. "Алматы-Өскемен", Аягөз қ. – ШҚО шек.

4. "Өскемен-Семей", ШҚО шек. – Семей қ.

5. "Семей-Қайнар", Семей қ. – Қайнар а.

6. "Семей-РФ шек." Семей қ. – РФ шек.

(дизельді және қоғамдық көлік түрлері үшін)

Шығыс Қазақстан облысында – 7 учаске, жалпы ұзындығы – 1238 км (қар көшкінінің қаупіне байланысты, ауа температурасының - 45°С дейін төмендеуі)

1. Облыс бойынша барлық бағыттар бойынша (дизельді қозғалтқыштармен жабдықталған қоғамдық көліктер мен автомобильдер үшін)

2."Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын-Катонқарағай-Рахман қайнары" - Берел а. –Рахман қайнары шипажайы (автокөліктің барлық түрі үшін)

Қарағанды облысында – 1 учаске, жалпы ұзындығы 103 км (Абай облысындағы ауа температурасының төмендеуі)

1. "Қарағанды-Аягөз-Бұғаз" – Қарқаралы қ. – Абай обл. шек. (дизельді қозғалтқыштармен жабдықталған қоғамдық көліктер мен автомобильдер үшін). 

Қостанай облысында – 1 учаске, жалпы ұзындығы – 83 км (Ұлытау облысында ауа райының нашарлауына байланысты)

1. "Жезқазған-Петропавл" - Ұлытау обл. шек. – Арқалық қ. (автокөліктің барлық түрі үшін)

Павлодар облысында – 1 учаске, жалпы ұзындығы – 160 км (Абай облысында ауа температурасының төмендеуі)

1. "Омбы-Майқапшағай", Кенжекөл к. – Абай обл. шек. (дизельді қозғалтқыштармен жабдықталған қоғамдық көліктер мен автомобильдер үшін)

Ұлытау облысында – 1 автожол, жалпы ұзындығы – 115 км (қатты жел, ауа температурасының төмендеуі)

1. "Жезқазған-Петропавл", Ұлытау к. – Қостанай обл. шек. (барлық көлік түрі үшін).

Республикалық маңызы бар автожолдарда 557 бірлік техника және 1277 адам жұмылдырылды.