Полиция жүргізушілерден жол қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауды талап етеді.
Алматы-Өскемен тасжолында жол апатынан ер адам қаза тапты
Фото: polisia.kz
993
оқылды

Жетісуда жеңіл көлік жүк көлігімен соқтығысты. Салдарынан жеңіл көлік жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты, – деп хабарлайды Aikyn.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Жол-көлік оқиғасы 21 ақпанға қараған түні Алматы-Өскемен тасжолының 455 шақырымында Сарқан ауданында болған.

Nissan Terrano жүргізушісі қарсы жолға шығып кетіп, DAF XF 105 жүк көлігімен соқтығысқан, жеңіл көліктің 30 жастағы жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды.

Жолаушы бойжеткен түрлі жарақаттармен облыстық ауруханаға жатқызылды. Сотқа дейінгі тергеу басталды.

Полиция жүргізушілерден жол қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауды талап етеді. Жол қозғалысы ережелерін елемеу ауыр зардаптарға әкеледі.