Жер сілкінісі 22 ақпанда сағат 00.26-да болған.
Сейсмологтер Алматыда тағы да жер сілкінісін тіркеді
Коллаж: Aikyn.kz
2,002
оқылды

Алматы қаласында тағы да жер сілкінісі сезілді,  – деп хабарлайды Aikyn.kz

ҚР ТЖМ «Сейсмологиялық бақылаулар және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы» ЖШС сейсмикалық стансалар желісі 22 ақпанда сағат 00.26-да жер сілкінісін тіркеді.

«Эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 260 шақырым жерде орналасқан Қытай аумағында  – афтершок. Сезгіштігі туралы мәліметтер: Алматы қаласында – 2 балл. Зардап шеккендер мен қиратулар туралы ақпарат болған жоқ»,  – делінген хабарламада.

Жағдай тұрақты.

ТЖМ азаматтарға сабыр сақтап, дүрбелеңге берілмеуге кеңес береді.