Полиция бейтаныс адамдармен ірі көлемдегі сатып алуда сақ болуды ескертеді.
Тараз тұрғыны шетел азаматын алдап, 5 миллион теңгесін иемденіп кеткен
1,352
оқылды

Таразда шетелдік азаматтың 5 млн теңгесін алаяқтық жолмен иемденіп кеткен ер адам ұсталды,  деп хабарлайды Aikyn.kz.  

Полиция таратқан мәліметке сәйкес, тараздық жігіт шетел азаматына 12  600 доллардың пияз тұқымын жеткізуге уәде берген. Алайда ол сол қалпы уәдесін орындамаған. 

«Осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Ер адамға қатысты келу туралы міндеттеме түрінде процедуралық мәжбүрлеу шарасы таңдалды. Қазіргі уақытта істің егжей-тегжейлі мән-жайларын анықтау үшін барлық қажетті тергеу шаралары жүргізілуде. Полиция бейтаныс адамдармен ірі көлемдегі сатып алуда өте қырағы және сақ болуды ескертеді»,  деп хабарлады Жамбыл облыстық ПД баспасөз қызметі. 

Аталған оқиға туралы полицияға шет мемлекеттің азаматы хабарлап, шағым түсірген. Жәбірленушінің айтуынша, тараздық оған 420 келі пияз тұқымын жеткізу сылтауымен сенімге еніп, алдау арқылы оның ақшасын иемденіп алған соң мүлдем хабарсыз кеткен.