Elmedia YouTube арнасына сұхбат берген Бишімбаевтың қорғаушысының айтуынша, Салтанаттың денесінде ауыр жарақат іздері болмаған.
"Ол Салтанатты жақсы көрді": қорғаушысы Қуандық Бишімбаев кінәсін мойындамайтынын айтты
Фото: kursiv.media
1,051
оқылды

Экс-министр Қуандық Бишімбаев әйелі Салтанат Нүкенованың өліміне күдікті ретінде қамауға алынып, ісі сотқа жолданған еді. Қуандық Бишімбаевтың адвокаты Назкен Кусаинова оның әлі күнге дейін қайғыдан қан жұтып, жазатайым оқиға болғанын алға тартып отыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz El.kz-ке сілтеме жасап.

Elmedia  YouTube арнасына сұхбат берген Бишімбаевтың қорғаушысының айтуынша, Салтанаттың денесінде ауыр жарақат іздері болмаған.

"Қуандық Бишімбаев кісі өліміне қатысты кінәсін мойындамай отыр. Әлі күнге дейін болған нәрсеге сене алмай отыр. Әлі күнге дейін Салтанатты жақсы көреді және ол туралы тек жақсы пікірде. Қайрат Нүкенов (Салтанат Нүкенованың ағасы) айтқандай, жәбірленушінің денесінде ауыр жарақаттар болған жоқ. Басының қаңқасы сау болды, ол миына қан құйылып қайтыс болған",  дейді адвокат Назкен Кусаинова.

Сондай-ақ адвокат Салтанат Нүкенова басындағы гематомалардың кесірінен қайтыс болған дейді.

"Салтанаттың созылмалы субдуральды гематомасы болған. Ол осы себепті қайтыс болған. Кешіріңіздер, біздің қорғауымыздағы Қуандық Бишімбаев Салтанаттың басында гематома пайда болғанын білмеген. Олар сөйлесіп, күні бойы бірге жүрген. Иә, екеуара келіспей қалған шығар. Төбелес болмаған. Ол (Қуандық Бишімбаев) мұны қайғылы жағдай деп Салтанаттың өліміне әлі күнге дейін сене алмай отыр. Ол әлі күнге дейін қайғырып, жылап отыр. Өз-өзіне келе алмай жатыр. Отбасында осындай жағдай болғанына сене алмай отыр",  дейді адвокат Назкен Кусаинова.

Айта кетейік, Павлодардың экс-әкімі Қайрат Нүкенов экс-министр Бишімбаевтың қолынан қаза тапқан қарындасы Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты ақпарат айтқан еді.

"Мәйітті жуған кісілер мұндай жарақаттарды, дененің көгерген тұстарын бұрын-соңды көрмегенін айтады. Ол інісін шақырып, қарындасымыздың көз жұмғанын күтті деген болжам бар. Ол бөлмеге бірнеше рет кіріп, оның өлгенін тексерген, өлгеннен кейін ғана жедел жәрдем шақырған",  деді Қайрат Нүкенов.