Сағат 18.00-дегі жағдай бойынша, ауа райының қолайсыздығына байланысты 2 облыста республикалық маңызы бар 2 автожолда көлік қозғалысына шектеу енгізілді.
2 облыста республикалық маңызы бар 2 жолда көлік қозғалысы шектелді
фото: el.kz
826
оқылды

22 ақпан сағат 18.00-дегі жағдай бойынша, ауа райының қолайсыздығына байланысты 2 облыста республикалық маңызы бар 2 автожолда көлік қозғалысына шектеу енгізілді.

Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының ұлттық операторы мәлім етті.

Қостанай облысында – жалпы ұзындығы 83 шақырымды құрайтын 1 автожол (Ұлытау облысындағы ауа райының қолайсыздығына байланысты)

1. «Жезқазған-Петропавл»  Ұлытау облысының Арқалық қаласымен шекарасы (көліктің барлық түрлері үшін)

Ұлытау облысында – жалпы ұзындығы 115 шақырымды құрайтын 1 автожолда (екпінді жел, ауа температурасының төмендеуі)

1. «Жезқазған-Петропавл»  Ұлытау к.-Қостанай обл. шек. (барлық көлік түрлері үшін)

«Осы сағатта республикалық маңызы бар автожолдарды қысқы күтіп ұстауға 631 техника және 1 389 жол маманы жұмылдырылды», делінген хабарламада.