Жол апаты Мұхамедханов пен Омаров көшелерінің қиылысында болған.
Астанада ірі жол апаты болып, әйел қаза тапты
Фото: Фото: видеодан скриншот/instagram.com/astana_brothers
800
оқылды

Астанада автобус, жүк көлігі және жол талғамайтын көлік соқтығысып, ірі жол апаты болды. Салдарынан бір әйел көз жұмды.

Астана Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жол апаты Мұхамедханов пен Омаров көшелерінің қиылысында болған. 

«Мұхамедханов-Омаров қиылысында жүк көлігі, жолаушылар автобусы және Toyota Prado көлігі соқтығысқан жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр», - деп хабарлады полициядан.

Бұған дейін Жетісуда жеңіл көлік жүк көлігімен соқтығысып, көлік жүргізушісі оқиға орнында қаза тапқанын жазған едік.