Мәди және Мәдина атты балалары 2004 жылы туған.
20 жыл бұрын егіз балаларын жоғалтып алған ана көпшіліктен көмек сұрады
Фото: видеодан скриншот/ instagram.com/qazradio.fm
12,748
оқылды

Бахитгүл Салдатхан есімді ана 20 жыл бұрын дүниеге әкелген егіз балаларын іздеп, «Бармысың, бауырым?» хабарына келді, деп хабарлайды Aikyn.kz.

Айтуынша, Мәди және Мәдина атты балалары 2004 жылы туған. Әлдекімдер оны алдап, ата-ана құқығынан айырған екен. Ал 2009 жылы балаларын өзге азаматтар асырап алып кеткенін білген.

Бахитгүл Салдатхан 1992 жылы Моңғолиядан Қарағандыға көшіп келген. Сол кезде құжаттарын жоғалтып алыпты. Баланы өмірге әкелгенде жағдайы болмаған. Кейін сыртынан аналық құқығынан айыру туралы сот шешімі шыққан екен. Өзі ешқандай заң білмегендіктен осындай күйге түскенін айтып отыр.

Балаларын көруге зар болған ана «Мәди мен Мәдинамды іздеймін. 20 жыл болды. ...Екі баламды тауып беруге көмектесіңіздер», - дейді.