Бұл туралы "ҚазАвтоЖол" компаниясының баспасөз қызметі хабарлады.
Аязға байланысты 7 облыста жолдар жабылды
© Sputnik / Абзал Калиев
1,091
оқылды

23 ақпан түнгі 01:00-дегі жағдай бойынша ауа райының нашарлауына байланысты 7 облыстағы республикалық маңызы бар 20 жолда қозғалысқа шектеу енгізілді, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Абай облысында – үш учаске, жалпы ұзындығы – 153 км. 

Ақмола облысында – бір учаске, жалпы ұзындығы – 28 км.

Ақтөбе облысында жалпы ұзындығы 145 км болатын бір автожол.

Шығыс Қазақстан облысында – барлығы 7 учаске, ұзындығы – 1238 км.

Қостанай облысында жалпы ұзындығы 1141 шақырым болатын 5 автожол. 

Солтүстік Қазақстан облысында – екі жол, жалпы ұзындығы – 59 км. 

Ұлытау облысында жалпы ұзындығы 115 шақырым бір автожол.  

Қазіргі уақытта республикалық маңызы бар жолдарда 316 техника мен 382 адам жұмыс істеп жүр.