Қазір республикалық маңызы бар автожолдарды қысқы күтіп ұстауға 280 бірлік техника және 375 жолшы жұмылдырылды.
Қолайсыз ауа райына байланысты 2 облыстағы жолдар жабылды
1,107
оқылды

Ауа райының қолайсыздығына байланысты 2 облыста республикалық маңызы бар 2 автожолда көлік қозғалысына шектеу енгізілді. Бұл туралы "ҚазАвтоЖол" компаниясы хабарлады.

Шығыс Қазақстан облысында – жалпы ұзындығы 30 шақырым 1 автожол 

1. «Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын- Қатонқарағай-Рахман қайнары» - Берел а. - Рахманов қайнары шипажайы (көліктің барлық түрі үшін)

Жетісу облысында  – жалпы ұзындығы 100 шақырым 1 автожол

(екпінді жел, шектеулі көрініс)

 1. «Үшарал-Достық» - Көктұма ст. - Достық ст. (барлық көлік түрі үшін)

Қазір республикалық маңызы бар автожолдарды қысқы күтіп ұстауға 280 бірлік техника және 375 жолшы жұмылдырылды.