Карантинде жатып арақ ішкендер жауапқа тартылады
Карантинде жатып арақ ішкендер жауапқа тартылады
© ҚР ДСМ
5,272
оқылды
Қарағандыда Біріккен Араб Әмірліктерінен ұшып келген қазақстандықтар карантинге жіберілген. Бірақ олар ауруханада алкоголь ішіп ұсталды, енді сол үшін жазаланады, -деп хабарлайды zakon.kz. 4 наурызда Дубайдан Нұр Сұлтанға қазақстандықтар мінген рейс келген. Ұшақта қазақстандықтармен бірге екі Қытай азаматы болған. Әуежайға келген соң қытайлар оқшауланып, Қытайға қайтарылып жіберілді. Ал 5 наурызда Қарағанды ​​облысының 23 тұрғыны карантинге ауруханаға жатқызылған еді. Бүгін 6 наурызда депортацияланған екі Қытай азаматында коронавирус жоқ екені анықталды, ал оқшауланған қарағандылықтардың жағдайы тұрақты, дене қызуы және тұмау белгілері жоқ.
- Бірақ өкінішке қарай, кейбір пациенттердің азаматтық-құқықтық жауапкершіліктері төмендеу болып шықты, олар ауруханада алкоголь ішіп, аурухана ережелерін бұзды. Бұл фактіні медициналық қызметкерлер тіркеді, алкоголь ішкенін анықтау үшін олардан қан алынды. Карантин режимін бұзу фактісі бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды, - деп хабарлады Қарағанды ​​облысының денсаулық сақтау басқармасы.
Денсаулық сақтау басқармасы және облыстың тауарлар сапасы мен қауіпсіздігі бөлімі жағдайды бақылауда ұстап отыр.