Жер сілкінісінің эпицентрі Қытай аумағында орналасқан.
Алматы маңында тағы бір жер сілкінісі тіркелді
Коллаж: Aikyn.kz
10,557
оқылды

Жерасты дүмпулерін бақылайтын сейсмикалық стансалар желісі 28 ақпан күні сағат 07:17-де Алматы маңында тағы бір жер сілкінісін тіркеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz

«Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 275 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан, афферлік жер сілкінісінің энергетикалық класы 9,9, магнитудасы MPV 4,4», – делінген хабарламада.

Жер сілкінісінің Қазақстан аумағында сезілгені жөнінде мәлімет жоқ.