Еліміздің басым бөлігінде антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
Тұман, жаңбыр, жел: 29 ақпанға ауа райы болжамы жарияланды
Фото: elements.envanto
1,175
оқылды

"Қазгидромет" РМК Қазақстан аймақтарында 2024 жылғы 29 ақпанда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Еліміздің басым бөлігінде антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Тек Қазақстанның солтүстігінде атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен қар, оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын жауады. Қазақстан бойынша тұман, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, шығысында желдің күшеюі күтіледі.