Бүгін футболдан Премьер-лига командалары арасында Қазақстан чемпионаты басталады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Премьер-лиганың биылғы маусымына 13 аймақтан 14 клуб қатысады. Олар: «Ақсу», «Ақтөбе», «Астана», «Атырау», «Елімай», «Жеңіс», «Жетісу», «Қайрат», «Қайсар», «Қызылжар», «Ордабасы», «Тобыл», «Тұран» және «Шахтер».
Чемпионат 1 наурыз күні сағат 14:30-да елордалық «Астана» мен «Жеңіс» командаларының ойынымен басталады.
Одан бөлек алғашқы турда ел чемпионы «Ордабасы» өз алаңында Қарағандының «Шахтер» клубымен кездеседі.
Қазақстан чемпионаты 1 наурыз бен 10 қараша аралығында өтеді. Мачтардың көбі дәстүрлі түрде демалыс күндеріне жоспарланған.