Бұл туралы ІІМ баспасөз қызметі хабарлады.
Ақтөбеде студентке қарсы ауыр қылмыс жасаған күдіктілер ұсталды
622
оқылды

19 ақпанда белгісіз екі адам 22 жастағы студентті қорқыту арқылы одан қолма-қол ақша мен жеке мүлкін талап еткен, – деп жазады Aikyn.kz.

"Жәбірленуші олардан қашып, жақын маңдағы дүкенге кіріп үлгерген. Алайда олар дүкенге кіріп, жәбірленушіні ұрып-соғып, өздерімен бірге алып кетуге тырысқан. Полицейлер жүргізілген жедел іс-шаралар кешені нәтижесінде күдікті 18 және 19 жастағы екі жігіт анықталып, ұсталды", – делінген хабарламада.

Тонау дерегі бойынша соталды тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Мұндай қылмыс үшін мүлкі тәркіленіп, үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.