Өртті сөндіруге ТЖД жеке құрамынан 9 адам жəне 3 техника жұмылдырылды.
Өскеменде тұрғын үйдегі өрт салдарынан ер адам қаза тапты
Фото: ТЖМ
596
оқылды

Өскемен қаласында 5 қабатты тұрғын үйдегі пәтер өртеніп, ер адам қаза тапты, – деп хабарлайды Aikyn.kz

ТЖМ таратқан ақпаратқа сәйкес, тілсіз жау Бажов көшесі бойындағы бесқабатты тұрғын үйдің үшінші қабатынан шыққан.

– Өрттің ауданы 13 шаршы метрді құрады. Өрт орнында түтіннен уланған белгілері бар және денесін күйік шалып, қайтыс болған 1986 жылы туған тұрғынның денесі табылды. Алдын ала болжам бойынша өрттің себебі – отты абайсыз пайдалану, – делінген ведомствоның хабарламасында.

Өртті сөндіруге ТЖД жеке құрамынан 9 адам жəне 3 техника жұмылдырылды.