Полицейлер қашқан жүргізушіге бес хаттама толтырды
Полицейлер қашқан жүргізушіге бес хаттама толтырды
© polisia.kz
235
оқылды
Шымкенттік полицейлер жауапкершіліктен қашуға әрекет жасаған жүргізушіні ұстады,-деп хабарлайды Polisia.kz. Шымкент қаласының патрульдік полиция полкінің қызметкерлері патрульдеу кезінде, жүргізуші “КИА Оптима” маркалы автокөлік құралын басқара отырып, қауіпсіздік белдігін тақпағанын байқады. Полицейлер жүргізушіге тоқтатуды талап етті. Жүргізуші полицейлердің талаптарын елеместен, жасырынуға тырысты. Алайда ізге түсу барысында автокөлік қоршалып, ұсталды. Жүргізушіге қатысты бес әкімшілік хаттама толтырылды. Оның ішінде: – ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 593 – бабының 2-бөлігі бойынша (қауіпсіздік белдіктерін немесе мотошлемдерді пайдалану ережелерін сақтамау); – 593-бабының 1,2-бөлігі бойынша (бағдаршамның тыйым салатын сигналына немесе реттеушінің тыйым салатын қимылына әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған жол жүру); – 612-бабының 1-бөлігі бойынша (өзімен бірге жүргізуші куәлігі немесе жүргізуші куәлігінің орнына берілген уақытша куәлігі жоқ жүргізушінің көлік құралын басқаруы, көлік құралын тіркеу және заңнамамен белгіленген өзге де құжаттары); – 613-бабының 1-бөлігі бойынша (Қазақстан Республикасының аумағында ішкі істер органдары (полиция) қызметкерінің көлік құралын тоқтату туралы заңды талабын орындамау). Автокөлік құралы айыппұл тұрағына салынды.