Сіздерді AIQYN газетінің жарыққа шыққанына 20 жыл толуымен құттықтаймын!
AIQYN газеті қазақ баспасөзінің шығармашылық шеберханасы атанып отыр
Фото: akorda.kz
1,120
оқылды

Құрметті AIQYN газетінің ұжымы!

Бұл басылым осы кезеңде өзінің бағыт-бағдарын айқындап, оқырман қауымның рухани серігіне ай­налды. Мемлекет пен қоғамның ашық диалог алаңы ретінде танылып, түрлі мәселеге қатысты сындарлы көзқарас қалыптастыра білді. Газет ұжымы кәсіби журналистердің тұтас буынын тәрбиелеп, қазақ баспасөзінің шығармашылық шеберханасы атанып отыр.

Бүгінде AIQYN жетекші ақпарат құралының бірі ретінде ұлттық сана-сезімді жаңғыртуға және мем­лекетшілдік рухты нығайтуға елеулі үлес қосып келеді. Газет қызметкерлері өздеріне жүктелген мін­детті абыроймен атқарып, ел игілігін еселеу жолында табысты еңбек етіп жүр. 

Ұжым алдағы уақытта да биік белестерді бағындыра береді деп сенемін.

Баршаңызға шығармашылық шабыт, толағай табыс тілеймін!

Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ,

Қазақстан Республикасының Президенті