Қайғылы жағдай Ақтөбе-Астрахань тасжолының 120-шақырымында болған.
Ақтөбе облысында жантүршігерлік апат салдарынан 5 адам қаза тапты
852
оқылды

Ақтөбе облысында Ақтөбе-Астрахань тасжолының 120-шақырымында екі көлік соқтығысып, жантүршігерлік апат болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz. BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.

6 наурыз күні сағат 08:36-да Ақтөбе облысында Ақтөбе-Астрахань тасжолының 120 шақырымында екі автокөліктің соқтығысқаны жөнінде ақпарат түскен.

– Сағат 08:41-де оқиға орнына "Қандыағаш" трассалық медициналық-құтқару пунктінің бригадасы шықты. Зардап шеккен 5 адам көлікте өртеніп кетті. Басқа көліктегі зардап шеккен 3 адамға шұғыл медициналық көмек көрсетіліп, Қандыағаш қаласындағы ауруханаға жатқызылды, – делінген хабарламада.