Мәжілістің бүгінгі жалпы отырысында отандық ғылым саласын дамытуға ықпал ететін заң жобасы қаралды, деп хабарлайды Aikyn.kz.
Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек заң жобасының негізгі ерекшеліктерін түсіндіріп берді.
«Ғылым және технологиялық саясат туралы» заң жобасы Мемлекет басшысының 2023 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының 51-тармағын және «Қазақстан Республикасы Президентінің «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарының 69-тармағын орындау үшін әзірленген, - деді министр.
Заң жобасы «Ғылым туралы» және «Ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру туралы» заңдардың қолданыстағы нормаларын қамтиды.
Заңның мынадай новеллалар енгізу ұсынылып отыр:
1) ғылымды басқару жүйесінің құрылымын жетілдіру:
- ҚР Ұлттық ғылым академиясының функцияларын кеңейту – бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру конкурстары бойынша ғылыми-техникалық тапсырмаларға сараптама жүргізу;
- өңірлік міндеттерді шешу үшін ғылыми-зерттеу жұмыстарын қолдау бойынша жергілікті атқарушы органдарға құзырет беру.
2) тиісті қолдау бағдарламаларымен оларды қаржыландырудың негізділігі үшін ғылыми зерттеулер мен әзірлемелердің дайындығы дәрежесін айқындау тетіктерін енгізу.
Сондай-ақ өндірістік немесе нарықтық дайындықты түсіну үшін ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық жұмыстарды жүзеге асыратын ұйымның, сондай-ақ аккредиттеу бағалауының, ғылыми, ғылыми-техникалық қызмет субъектілерінің технологиялық дайындық деңгейін айқындау.
3) ҒҒТҚН-ны коммерцияландыру, бизнес-акселерация, технологиялық бизнес-инкубациялау, технологиялық брокерлік бағдарламаларды іске асыруға жәрдемдесу жөніндегі Ғылым қорының функционалын күшейту, сондай-ақ венчурлік қаржыландыру тетіктері мен инфрақұрылымын қалыптастыру.
4) ғылыми қоғамдастықтың ұсыныстарына өндіріс пен нарық сұранысының бағдары үшін ғылыми-техникалық ақпарат орталықтары және мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы арқылы ғылыми-техникалық ақпаратты жинау, өңдеу және талдау жөніндегі тетікті енгізу.
5) Ұлттық ғылым академиясын қайта құру;
6) ғылыми қызметкерлерді, оның ішінде жас ғалымдарды әлеуметтік қолдау пакетін кеңейту.