Шөкеевтің 21 жастағы кеңесшісі Бас прокуратурада танысы жоқ екенін айтты
Шөкеевтің 21 жастағы кеңесшісі Бас прокуратурада танысы жоқ екенін айтты
© tengrinews.kz
213
оқылды
Түркістан облысы әкімінің штаттан тыс кеңесшісі 21 жастағы Асыл Алдаберген Tengrinews.kz тілшісінің сұрақтарына жауап берді. "Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясында қашықтықтан білім алып жатырмын, қазір "құрылыс менеджменті" мамандығының төртінші курсындамын. Жемқорлыққа қарсы әрекет агенттігінің Adaldyq alany жобалық кеңсесінде менеджер болып жұмыс істедім. Осы агенттіктегі қызметіне байланысты ұсыныс (штаттан тыс кеңесші болуға) түсті, облыс әкімінің штаттан тыс кеңесшісі қызметіне тағайындау - бүкіл Қазақстанда қолданылып жүрген тәжірибе", - дейді ол.
Асыл Алдаберген мемлекеттік қызметтегі туыстары жоғын айтады. "Мұнда жаңа ештеңе жоқ, бастысы - жасым 21-де. Мен Асылов Берік Ноғайұлының баласы емеспін. Менің ата-анам қарапайым адамдар, мемлекеттік қызметші емес, шенеунік емес. Олар жекеменшік секторда жұмыс істейді. Жалпы олар мұның бәріне қарсы болды. Бас прокуратурада туыстарым жоқ", - деді ол. Асыл Түркістан облысы әкімінің кеңесші ретінде қандай қызметтер атқаратынын айтты. "Біріншіден, біз бұған дейін істеген жұмысымызды жалғастырамыз. Бұған дейін жоба кеңсесі облыстың тиісті профиль салаларындағы жемқорлық тәуекелдерін талдауға және мониторингпен айналысты. Басқармалармен әріптестік құрып, мониторинг жүргіздік. Жалпы алғанда, біз сыбайлас жемқорлықты азайту мен алдын алу бойынша. Мониторинг дерегі бойынша, жергілікті деңгейде ұсыныстар енгіземіз, мүдделі органдармен бірлесіп жоспарды бекітеміз. Сыбайлас жемқорлық көріністері мен биліктің әрекетсіздігін жою бойынша нақты жұмыстар жүргіземіз", - деп түсіндірді ол. Ол Өмірзақ Шүкеевпен кездескен сәті туралы әңгімеледі. "Әкіммен тікелей жұмыс істейтін шығармыз. Иә, біз кездестік, бейресми болды. Нысандарды қарап шыққан кезде. Ал ресми танысу енді болады. Келесі аптада біздің саламыз бойынша, сыбайлас жемқорлыққа қарсы комиссияның тұрақты отырысын өткізу жоспарда бар", - дейді Асыл Алдаберген. Оның айтуынша, штаттан тыс кеңесшісі жалақы алмайды. "Жоқ, мен ешқандай ақша алмаймын, өйткені маған жалақыны жоба кеңсесі төлейді. Жоба кеңсесі жергілікті бюджеттен қаржыландырылады. Яғни, үкімет сыбайлас жемқорлыққа қарсы үгіт-насихат жұмыстарына бюджеттің 10 пайызын бөледі", - деді ол. Еске салайық, бұған дейін Түркістан облысы әкімінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәселелер бойынша штаттан тыс кеңесшісі қызметіне 21 жастағы Асыл Алдаберген тағайындалғаны хабарланған.