"Қазгидромет" 7 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Антициклон жотасы Қазақстанның батысы, шығысы мен орталығында өз әсерін сақтайды, осыған орай жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.
Ал елдің басқа территориясында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен қар, жаяу бұрқасын, еліміздің оңтүстігінде жаңбыр, оңтүстік-шығысында – жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын жауады.
Ел аумағында тұман, желдің күшеюі күтіледі.