Ол Арқалықтың полицейлері Астанаға келіп, осы іске қатысты тергеу жүргізіп жатқанын мәлімдеді.
"14 болжамды ана мен 1 ер адамнан анализ алынды": Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты тың деректер айтты
Фото: әлеуметтік желіден
3,521
оқылды

Белгілі журналист Қымбат Досжан бельгиялық отбасы асырап алған қазақ баласы Жәнібекке қатысты жаңа деректер айтты, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі «1001 түн» бағдарламасына сілтеме жасап.

Ол Арқалықтың полицейлері Астанаға келіп, осы іске қатысты тергеу жүргізіп жатқанын мәлімдеді.

"Бастапқыда «Салғырттық» деген бап бойынша іс ашылып, кейін бұл оқиғаның болғанына 20 жылдан аса уақыт өткен соң жауып тастады. Одан кейін Жәнібектің атынан мен прокуратураға арыз жаздым", деді Қымбат Досжан.

Қаңтар айының аяғында басқа баппен тергеу басталған.

"Қазір тергеушілер Астанаға келіп, бір аптадан бері жұмыс істеп жатыр. Кеше сұхбат бергенімде 14 ана деп айттым. Ал бүгін 6 әйелдің анализі шықты. Жәнібек 1-2 күнде кетіп қалады. «Осының арасынан шығып қала ма?» деген оймен лабораториядағылар түскен анализдерді шұғыл түрде тексеріп жатыр. 14 болжамды ана мен 1 ер адамнан анализ алынды", – дейді Қымбат Досжан.

Өкінішке қарай, ер адамның анализі де 0 болып шыққан.