Республикалық маңызы бар «Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын-Катонқарағай-Рахман қайнары» тасжолының учаскесінде (Ушанов кенті мен Алтай қаласына дейінгі аралықта) көліктің барлық түрі үшін қозғалысқа тыйым салынды.
ШҚО-да қар көшкіні болуы мүмкін, жол жабылды
610
оқылды

Шығыс Қазақстан облысында қар көшкіні жүру қаупіне байланысты жол жабылды,  деп хабарлайды Aikyn.kz.

Өңірдегі тасжолдардың бірін қар көшкіні жауып қалу қаупі бар.

"Республикалық маңызы бар «Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын-Катонқарағай-Рахман қайнары» тасжолының учаскесінде (Ушанов кенті мен Алтай қаласына дейінгі аралықта) көліктің барлық түрі үшін қозғалысқа тыйым салынды. Сондықтан халықты алыс жолға шыққанда маршрутты алдын ала жоспарлап алуды сұраймыз",  деп хабарлады ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен.

Сондай-ақ жолдардың жай-күйін «Дәрмен» мобильді қосымшасы арқылы тексеріп отыруға болады.

Айта кетейік, аталмыш жол учаскесі 1 күн бұрын да жабылған еді.